Қазақстандық теннисші, әлемнің 190-ракеткасы, 23 жастағы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті қорытындылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық, 29 жастағы Билли Харриспен негізгі доданың жолдамасын сарапқа салды.
Бірінші партияда Харрис 6:4 есебімен басымдылық танытты.
Есесіне, екіншісінде Скатов азулы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.
Үшінші, шешуші сәтте Тимофей матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз