Әлемдік шоу-бизнестегі ең үлкен шу көтерген P.Diddy кештері жайлы Тимати өз Вконтакте желісінде баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тимати P.Diddy басшылығымен өткен екі кеште болғанын айтты. Алғашқы отырыс Лос-Анджелес қаласында өткен. Ресейлік рэпердің айтуы бойынша американдық шоу-бизнестің "қаймақтары" түгел осы кеште болған. Алайда рэпер ешқандай есірткі мен зорлық-зомбылықты байқамағанын, тіпті ешкім оған заңсыз заттарды ұсынбағанын жеткізді.
Ал екінші көңілді кеш Каннада, продюсердің жеке яхтасында өткен.
"Иә, жасырмаймын, кеш көңілді өтті. Ішімдік ішілді, би билеп, барлығы көңіл көтерді. Бірақ ел шулап жатқандай зомбылық болмады. Тіпті кәмелетке толмаған қатысушыларды байқамадым", - деді Тимати
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз