TikTok-тағы тікелей эфирде балағат сөздер айтқан блогерлер қамалды

TikTok-тағы тікелей эфирде балағат сөздер айтқан блогерлер қамалды
Фото: Видео кадры

Шымкентте TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған төрт блогер әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жайтты полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тікелей эфирге шыққандар қоғамдық тәртіпті әдейі бұзып, бейәдеп сөздер айтқан.

Полиция жауаптыларды анықтады. Олар - әлеуметтік желіде "Белый тигр" деген атпен танымал 31 жастағы Бексұлтан Аппаз, 22 жастағы Самат Әмір ("Сампо"), 25 жастағы Нұрғазы Жолдас және 26 жастағы Ерасыл Жұмағұл.

Олардың барлығы Шымкенттегі жалдамалы пәтерде болған.Сот әрқайсына әкімшілік қамау жазасын тағайындады:

Бексұлтан Аппаз 17 тәулікке, Нұрғазы Жолдас 7 тәулікке, Самат Әмір 5 тәулікке, Ерасыл Жұмағұл 5 тәулікке қамалды. Полиция әлеуметтік желілерді бақылау жалғасатынын мәлімдеді.

Ведомство қаралым мен аудитория жинау үшін заңға қайшы әрекетті көпшілік алдында көрсету жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget