Семейде TikTok желісінде заң талаптарын бұзған тұрғын жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысында полиция TikTok-тағы тікелей эфир барысында әйел адам балағат сөздер айтып, орынсыз мінез-құлық көрсеткенін анықтады.
Тексеріс нәтижесінде оның Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.
Соттың шешімі бойынша әйелге әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін айыппұл түріндегі жаза қолданылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова