TikTok-тағы хайп: тағы екі адам жауапқа тартылды

TikTok-тағы хайп: тағы екі адам жауапқа тартылды
Фото: Видео кадры

Елорданың екі тұрғыны әлеуметтік желідегі құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кезекті мониторинг барысында TikTok желісінде тікелей эфир жүргізу кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан екі тұрғын анықталған.

"Олардың бірі - 39 жастағы Алексей Дрожжин, екіншісі - PANTERA парақшасының иесі, 33 жастағы Әлия Молдаханова. Жиналған әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысына сәйкес Алексей Дрожжин 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал Әлия Молдахановаға айыппұл салынды", - деді Астана ПД өкілі.

Еске салайық, бұған дейін заңсыз контент таратқан 20-дан аса стример жауапкершілікке тартылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget