Абай облысында TikTok-та тікелей эфирде балағат сөз айтқан желі қолданушысы қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-тағы құқыққа қайшы тікелей эфирді анықтаған.
"Эфир барысында қыз балағат сөздер айтып, әдепсіздік көрсетті және есірткі қолданатынын мәлімдеген. Полиция қызметкерлері оны анықтады. Құқық бұзған адам Түркістан облысының тумасы, Семей қаласында уақытша тұрған 26 жастағы қыз болып шықты", - деді Абай облысы ПД өкілі.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ол алкогольге масаң күйде болған.
Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент таратқан тоғыз авторды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова