TikTok-та танымал болып кеткен шоколадты кім ойлап тапты?

Фото: видеодан кадр

TikTok-та созылмалы әрі қытырлақ салмасы бар шоколад жеп отырған адамдарды жиі кездестіруіңіз мүмкін. Неліктен желі қолданушылары бұл шокладты жеп көргісі келеді? Оны кім ойлап тапты? 

Бұл шоколадтар "Fix" деп аталады, ол "ерекше дәмді" деген мағынаны білдіреді.

"Біз батончиктерімізге көп күш жұмсаймыз және махаббатпен жасаймыз. Бұл жай ғана шоколадты батончик емес. Біз ол арқылы әсер қалдырғымыз келеді", - дейді Fix негізін қалаушы Сара Хамуда "CNN"-ге. 

Дубайда тұратын 38 жастағы әйел 2021 жылы қосымша табыс көзі ретінде өз брендін ашады. Жүктілік кезінде шоколадқа деген құмарлығынан шабыт алып, "үйреншікті" шоколадты десертке ұқсамайтын басқа нәрсе ойлап табуды шешеді.

@mariavehera257 @fixdessertchocolatier WOW, JUST WOW!!! Can’t explain how good these are! When a chocolate, a dessert and a piece of art meet this is what you get! 🍫 "Can't Get Knafeh of it," "Mind Your Own Busicoff," and "Crazy Over Caramel." Order on Instagram Chatfood or Deliveroo and let me know what’s your FIX? Instagram : fixdessertchocolatier #asmr #foodsounds #dubai #dubaidessert ♬ оригинальный звук - mariavehera257

Оның бұл жаңа өнімі танымалдылыққа ие болады. TikTok-тағы аспаздық бойынша сарапшы Мария Вехераның көлікте осы батончикті жеп отқан ASMR-видеосы 56 миллионнан аса қаралым жинайды. Содан бері көптеген адам осы шоколадты жеп, оған реакция түсірген. Сондай-ақ оны үйден жасап көргісі келгендер де көп.

@hibaxkh Trying Dubai’s VIRAL chocolate 🤯 @fixdessertchocolatier Costs 89 dhs with delivery only avaialble in 🇦🇪 Honest option: Unique flavor but too sweet for me and very expensive so definitely a one time purchase 👀 Would you try it out? #viral #foodtrend #viralchocolate #fixdessertchocolatier #uae #dubai #trending #desserttiktok #foodie #asmr #mukbang #foryou #fypシ ♬ original sound - Cloudninecouture | Food&Travel

Сара Хамуда бұл шоколадтардың сұранысқа ие болғаны соншалық, күніне 500 шоколадқа дейін тапсырыс алған. 

"Шынымды айтсам, мен ол сондай ауқымды тарап кетеді деп ойламадым. Мен Канада, Аргентина және Румыниядан видео-жауаптар алдым", - дейді Сара Хамуда.

Шоколад құрма, карак (дәмеуіштері бар шай) және кнафе (ұсақталған қамыр, ірімшік, шәрбат және пістеден дайындалатын араб десерті) секілді шығыс дәмдерімен ерекшеленеді. 200 грамдық бұл шоколад 20 доллар (9200 теңге) тұрады. Шоколадтар күнде сағат 17:00 де арнайы тамақ тасымалдайтын қызметте сатылымға шығады. Олар санаулы минуттарда өтіп кетеді.

Шоколад тек Дубайда сатылады. Әр шоколад қолдан жасалатындықтан, барлық сұранысты өтей алмайды. Оны үйден дайындап бастаған Сараның қазір 10 адамнан тұратын командасы бар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова