Астана полицейлері TikTok әлеуметтік желісіне кезекті мониторинг жүргізу барысында балағат сөздер айтқан қолданушыны анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық бұзушы 19 жастағы қыз болып шықты. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысына сәйкес, бойжеткенге әкімшілік айыппұл салынды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Астана қалалық ПД "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқықбұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып жатқанын ескертті. Заң талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz