Ресейлік режиссер және тележүргізуші Тигран Кеосаян қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның жары Маргарита Симоньян жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін түнде Тигран Жаратушыға қайтты", - деп жазды Маргарита Симоньян Telegram арнасында.
Тигран Кеосаян RT телеарнасының, "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі болған.
Тигран Кеосаян 59 жаста еді. Маргарита Симоньянның айтуынша, 2025 жылғы қаңтарда жұбайы комаға түскен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!