Әлеуметтік желіде тасжол опырылғаны көрінетін видео тарап жатыр. Бұл жағдай Атырау - Индер тасжолында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнынан жағдайды баяндаған Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың айтуынша,
Атырау - Индер тасжолының 27-шақырымында шұғыл қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Талдыкөл ауылын газбен қамтамасыз етіп тұрған құбырдың айналасына өр суы таралып, салдарынан тасжол опырылып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбырының бүлінуі, газ тарау деректері тіркелген жоқ. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 4 арнайы техника, 15 маман жұмылдырылды. Жол бүгін, яғни, 17 мамыр кешкі уақытқа дейін толық қалпына келтіріледі", - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.
Жедел штаб мәліметінше, 27-28 шақырым аралығында көлік жүргізушілеріне айналма жолмен жүруге мүмкіндік бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!