2023 жылғы 7 маусымда Астана Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театры сахнасында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының ұйымдастырумен ЮНЕСКО аясындағы The Planet of ART 2023 Халықаралық жастар фестивалі музыкалық циклінің гала-концерті өтті.
Гала-концерт көрермен назарына әлемдік музыка мәдениеті мен отандық композиторлардың шығармашылығы үйлесе театрландырылған "Жүрегіміз бірлекпен үндессін" атты бағдарламаны ұсынды. Биылғы фестивальдің ерекшелігі - заманауи өнерді насихаттау арқылы жастар тілінде ұсыну еді. Сонымен қатар, концерт бағдарламасындағы шығармалардың заман талабына сай интерпретациялануы - фестивальдің қазақстандық композиторлар мен хореографтардың шығармашылығына айтарлықтай үлес қосып жатқанының дәлелі.
Сахнада The Planet of ART фестивалінің финалына вокалдық, аспаптық және хореографиялық өнер бағыттары бойынша 5 мыңнан аса қатысушының ішінен іріктелген Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 12-18 жас аралығындағы, арнайы ERG Zhuldyzdary номинациясының жеңімпаздарын қоса алғанда 42 лауреат өз өнерлері арқылы елдерін таныстырып қана қоймай, бейбітшілік мәдениетінің елшісі бола алды. Дарынды жастар кең жұртшылыққа өздерінің көркемдік шеберлігі мен өнері арқылы ұмытылмас музыкалық қойылым сыйлады.
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының президенті Ақшолақов Болат Оралұлының айтуынша: "Федерация жобаларының ерекшелігі - барлық қатысушыға тегін өткізілуі, атап айтқанда, The Planet of ART жобасының бас серіктесі - ERG, сондай-ақ, Теңізшевройл және TotalEnergies Kazakhstan EP Kazakhstan компаниялары қолдауының арқасында өтті. Осы бейбітшілік мерекесін өткізуге бірнеше ай бойы жұмыс істеген біздің кәсіби мамандар тобы жас таланттарға білімдерін ұсынса, ал серіктестер жобаны жүзеге асыруға баға жетпес үлес қосты.
Қаншама жас талантты бір арнаға тоғыстырған айтулы фестиваль финалы алғаш рет Павлодар қаласында және екінші Гала-концертпен Астана қаласында өтті. Лауреаттармен бірге 10 күн бойы үздік тәлімгерлер, қоюшы режиссерлер командасы жұмыс жасаса, ал концертті дайындауға Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург және Сеул мамандарының шығармашылық тобы атсалысты.
Биыл The Planet of ART - 2023 музыкалық циклі Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық диалог - бейбітшілік кепілі ретінде жылын ілгерілету аясында өткізілді.
Айта кетейік, жобаға келген бірқатар құрметті қонақтар арасында Қазақстанға ресми сапары аясында алғаш рет ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле ханым келіп, құттықтау сөзінде мынаны атап өтті.
"Мен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясына осы фестивальді ұйымдастырғаны үшін және жастардың шығармашылығына қолдау көрсету ісіне адалдығы үшін алғыс айтамын. 190-нан аса клубтары мен 17000 белсенді мүшелерден тұратын федерация ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының әлемдегі ең белсенді және баға жетпес мүшелерінің бірі", - деді ол.
ҚР Сыртқы істер министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы және Астана қаласының әкімдігі қолдауымен өткен ЮНЕСКО аясындағы фестивальдің басты мақсаты дарынды жас орындаушыларды анықтау және қолдауға, олардың шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыру және "әлем мәдениеті" тұжырымдамасы негізінде қатысушылар арасындағы достық байланысты орнату арқылы мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған. Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының басқа да жобалары секілді The Planet of ART, жобаның бас серіктесі - EURASIAN RESOURCES GROUP (ERG), сонымен қатар басқа да ортақ серіктестер - Теңізшевройл және TotalEnergies Kazakhstan компанияларының қолдауымен тегін өтуде. Жобаға ақпараттық қолдау көрсеткен - Alash Media Group, TengriNews және Massaget.kz, сондай-ақ, бізді қолдаған сұлулық салондары: DRYCOЙ beauty bar, Атмосфера, Solo Beauty Lab және Triumph beauty Couture.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!