"Тігістері іріңдеп, тыртықтар пайда болған". Шымкенттік 6 тұрғын жалған косметологтардан зардап шекті

"Тігістері іріңдеп, тыртықтар пайда болған". Шымкенттік 6 тұрғын жалған косметологтардан зардап шекті
Фото: Pixabay.com

Шымкентте жалған косметологтар мен пластикалық хирургтардың құрбанына айналып жатқандар көбейді. Онда көп "маман" лицензиясыз, кейбірінің тіпті медициналық білімі жоқ, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Фармацевтикалық бақылаудың мәліметінше, кейінгі бір жылда косметологиялық қызмет көрсету сапасы туралы 6 шағым түскен.

Әйелдер қасының пішінін өзгертіп, блефаропластика жасатқысы келіп, сүйелді, бетіндегі дақтарды кетіргісі келген. Қажет нәтиженің орнына олардың тігістері іріңдеп, тыртықтар пайда болған. Кейін олар тексерістен өтіп, полиция бөліміне жіберілгені белгілі болды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент бойынша департаментінің басшы міндетін атқарушы Алмагүл Кенжаханова пікір білдірді. 

"Лицензиядан айыру заңмен қарастырылған, оны тек сот айыруы мүмкін. Біз тек бастама жасай аламыз. Сондықтан лицензиядан айыру біздің құзыретімізге кірмейді. Әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, бірінші басшыға бұйрық берілді. Тиісінше, тексерістердің қорытындысы бойынша құқықтық баға беру үшін полиция бөліміне жіберіп жатырмыз", - деді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек