- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тез тамақтану артық...
Тез тамақтану артық салмаққа әкеп соғатыны рас па?
Тез тамақтану аштықты басатын гормондардың өндірісіне теріс әсер етеді. Сондай-ақ, асығыс тамақтану қандағы қанттың қозғалысына да кері ықпал етеді. Бұл туралы Daily Mail басылымына ұлыбританиялық дәрігер Майкл Мосли айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің сөзінше, асықпай тамақтану денеге миға тойғанын хабарлауға көбірек уақыт береді. Асқазаннан GLP-1 гормонын шығаратын рецепторлар орналасқан ас ішекке жету үшін тамаққа шамамен 30-40 минут қажет. Ол миға аштық басылғанын, адам тойғанын "хабарлайды".
"Егер адам тым тез тамақтанса - артық калория адам тойғанын толық сезінбестен бұрын сіңеді. Осы себепті асығыс тамақтану артық салмаққа әкеп соғуы мүмкін", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Сонымен қатар, тез тамақтанатын адамдар қандағы қант концентрациясы күрт жоғарылағанын сезінуі мүмкін. Глюкоза деңгейі жоғарылауы ағзаның тамақ қабылдауға қалыпты реакциясы саналады. Қанттың біркелкі төмендеуі, жоғарылауы қант диабеті мен метаболикалық бұзылулардың пайда болуына қарсы тұрады.
Еске салайық, бұған дейін диетолог тез дайындалатын кеспенің денсаулыққа қалай әсер ететінін түсіндірді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова