- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тез шаршап қаласыз...
Тез шаршап қаласыз ба? Энергияны арттыратын 9 әдет
Фото:
pixabay.com
Тез шаршап қаласыз ба? Жұмыстағы өнімділігіңіз түсіп, өмірдегі қуанышты нәрселердің өзіне күшіңіз қалмады ма? Ендеше, көп уақытыңызды алмайтын, сізге қуат беретін қарапайым әдеттер бар.
Ұйықтар алдында жасау керек нәрселер
Күндіз жақсы көңіл күймен жүру үшін түнде демалу маңызды. Ұйқысыздықпен қиналмас үшін және таңертең ұйқыңыз қанып ояну үшін мына нәрселерді жасауды әдетке айналдырыңыз:
- Медитация. Айналада күйзеліске шалдықтыратын нәрслер көп. Медитация мазасыздық деңгейін түсіріп, жылдам ұйықтап кетуге көмектеседі.
- Өмір жайлы жағымды нәрселер ойлау. Кеш – өткен күнге қорытынды жасауға, сол күннің қуанышты сәттерін еске түсіруге және ертеңгі күнді жоспарлап, тізім құруға жақсы уақыт. Жақсы ойлар босаңсытып, демалуға ықпал етеді.
- Жеңіл спорттық жүктеме. Ұйықтар алдында қарқынды жаттығулар жасамаған жөн, әйтпесе жүйке жүйесі қозып кетуі мүмкін. Сондықтан йога немесе тыныс алу жаттығуларын көріңіз.
- Суға түсу. Жылы су ағзаны тыныштандырады және демалыс режиміне ауысуға көмектеседі.
Таңертең жасау керек нәрелер
Барлық адамға күш сыйлайтын таңертеңгі әдеттер:
- Бір стақан су ішу. Бал, лимон немесе қияр тілімі салынған жылы су асқорыту мен зат алмасу процесін іске қосады, токсиндерді шығарады.
- Гигиеналық процедуралар. Олар адамның оянуына көмектеседі. Әсіресе, таңертең қарама-қарсы душ қабылдау пайдалы. Ол жүрек-қан тамырлар жүйесін және ақыл-ой қызметін ынталандырады.
- Рухани тәжірибелер. Күннің жақсы өтуіне рухани тәжірибелер көмектеседі. Аффирмациялар оқыңыз немесе мотивация беретін подкаст тыңдаңыз.
- Даму. Күннің бірінші жартысында ми жаңа ақпаратты жақсы қабылдайды, сол үшін таңертең өзіңізді дамытуға ең болмағанда 15-20 минут арнаған жөн. Мысалы, әртүрлі тақырыптағы кітаптар оқуды әдетке айналдырыңыз.