Тест: өзіңіз жайлы шындықты біліңіз!

Тәуелділік әртүрлі болуы мүмкін. Біреулер темекі мен кофеден бас тарта алмаса, басқалар алкоголь мен тәттілерге тәуелді. Біреулер түні бойы компьютерден ойын ойнайды, сондай-ақ нақты адамға тәуелді адамдар бар. Ал сіз ше? Сізде қандай да бір тәуелділік бар ма? Оны анықтауға көмектесетін қарапайым тест ұсынамыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.

Ұзақ ойланбаңыз

Төмендегі суретке қараңыз. Ең бірінші не көрдіңіз. Суретті мұқият қарауға болмайды. Ең бірінші көзіңізге түскен бейнені таңдау қажет. 

Ит

Егер суреттен құлағы ұзын итті көрсеңіз, түпсанаңыз мынадай белгі береді: сіз тәуелділікке бейім адамсыз. Өмірдегі басты міндетіңіз – одан ләззат алу. Қызбалыққа салынып, импульсивті шешім қабылдауға бейімсіз. Оның салдарлары жайлы ойлана бермейсіз.

Жағымсыз эмоциялармен немесе күйзеліспен әрең күресесіз. Сізге эмоционалды тұрғыда өз-өзіңізді жұбатуға денсаулыққа пайдасыз нәрселер көмектеседі.

Көңіл күйіңіз құбылмалы, жиі айналадағылардан жасырынғыңыз келеді.

Мысықтар

Егер суреттен екі мысықты көрсеңіз, тәуелділікке бейім адам емессіз. Өзіңізге сенімдісіз, алдыңызға мақсат қойып, оларға жете аласыз. Өз қызығушылықтарыңызды және кеңістігіңізді қорғай аласыз.

Бастысы, жауапкершілігі мол адамсыз және барлық әрекетіңіздің мүмкін салдарларын түсінесіз.

Әлеумет үшін ашықсыз, ережелер бойынша өмір сүруді білесіз, өз өміріңізді бақылай аласыз және ол үшін жауапкершілік жүгін мойныңызға ала аласыз.

Тест: миыңыз қартайған ба? Тексеріңіз!