Тест: Қазақстан vs Беларусь. Екі ел жайлы не білесіз?

Тест: Қазақстан vs Беларусь. Екі ел жайлы не білесіз?
Фото: akorda.kz

Бүгін Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз жүргізді. Кездесу жабық форматта өтіп, екі ел арасындағы бірқатар мәселе талқыланған.

Келіссөз қорытындысы бойынша келісімге қол қойылады, сондай-ақ президенттер бірлескен мәлімдеме жасайды.

"Біз мемлекеттер арасындағы сауда көлемін арттыруға, гуманитарлық саладағы қарым-қатынастар мен өзара байланысты күшейтуге, халықаралық ұйымдардағы белсенділігімізді жалғастыруға мүдделіміз. Келісім мен бірлескен мәлімдеме, менің ойымша, біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты алға жылжытуда маңызды қадам болады", - деді Тоқаев.

Беларусь Республикасы қазақстандықтар үшін таңсық ел емес. Екі ел КСРО құрамында одақтас республика болды. Қазақстан мен Беларусь туралы қызық деректермен танысу үшін төмендегі тесттен өтіп көріңіз.

 
Massaget
Logotype Massaget