- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Терроризммен күрес жөніндегі...
Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб оралдықтарға ескерту жасады
Фото:
gov.kz
Батыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы жедел штабы Орал тұрғындарына үндеу жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл 21 тамызда Орал қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының қолдауымен терроризмге қарсы жоспарлы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі", - делінген хабарламада.
Оқу-жаттығуларға байланысты 15:00-ден 18:00-ге дейін Деркөл кентінің ауданында автокөліктер мен халықтың қозғалысы шектеледі.
Орал тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс маршруттарын алдын ала түзетуді, тыныштықты сақтауды және құқықтық тәртіп қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұралды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина