- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК операциясы
“Терроризмге қатысы бар“. Сирияға кетіп қалған қазақстандық елге өз еркімен қайтты
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада ҚР Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полицейлер ұстаған.
Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды.
ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина