- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Терроризмге қарсы штаб...
Терроризмге қарсы штаб Өскемен тұрғындарына ескерту жасады
Фото:
gov.kz
Өскемен су электр стансасы аумағында көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 28 тамызда Өскеменде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.
"Кейбір шектеу шаралары, оның ішінде Өскемен су электр стансасы аумағында көліктердің қозғалысына шектеу қою қарастырылған", - деп хабарлады штаб.
Ведомство Өскемен тұрғындары мен қонақтарына оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан