Терроризмді насихаттаған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 тамызда ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың бірін терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды.
Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды.
Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
ҰҚК мәліметінше, Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз