• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Терроризмді насихаттады деген күдікпен Абай облысының тұрғыны ұсталды

Терроризмді насихаттады деген күдікпен Абай облысының тұрғыны ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Абай облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстаған.

Ол терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікке ілінді.

"Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget