Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Сенат депутаттары заңды қарады.
"Келісім аясында өзара іс-қимылдың нақты бағыттары анықталды. Олардың қатарында ұйымдасқан қылмыс, терроризм мен экстремизм, есірткі айналымы, заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес мәселелері бар. Сондай-ақ, өзге де маңызды бағыттар бойынша уәкілетті органдар арасындағы серіктестікті тереңдету тетіктері қарастырылған", - деді Сенат төрағасы.
Қазақстан бұған дейін Болгария, Мажарстан, Италия, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Өзбекстан, Франция, БАӘ және басқа да мемлекеттермен осындай келісімдер жасаған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!