- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Терезеде ілініп тұрған...
Терезеде ілініп тұрған баланы құтқарған астаналық батыр енді сахнада ән айтпақ
2022 жылы өз өмірін бәске тігіп, үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шоңтақбаев енді ән айтып, бағын сынап көрмек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол танымал жобалардың біріне қатысып жатыр. Ал оның сахнадағы жұбы - Альбина Шардарова.
"Егіз-лебіз" жобасындағы менің жұбым, қазақ елінің батыры Сәбит ағамыздың жасаған ерлігі әлі күнге дейін баршаңыздың естеріңізде болар… Сәбит ағамыз алғаш рет сахнаға шығып, ән айтып жатыр… Бұл жобада бізге қолдау білдіріп жатқан барша тыңдармандарымызға алғысымыз шексіз. Сіздердің айтқан сындарыңыз да, ақылдарыңыз да бәрі орынды", - деп жазды әнші Альбина Шардарова..
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Сәбит Астанада зәулім үйдің терезесінде ілініп тұрған баланы ерлікпен құтқарып қалған болатын.
Желі қолданушылары оларға сәттілік тіледі.
"Мұндай ерлік "менмін" деген еркектердің қолынан да келе бермейді. Өзі кішкентай болса да ерлігі мың еркекке татитындай екен. Аллаһ разы болсын!", "Тамаша, әлі күнге дейін осы видеоны көрсем зәрем қашып көрем, балапанды құтқарған азамат аман болсын", "Тамаша қолдаймыз!!!", "Жобада тек жеңіс тілейміз!!!", - деді олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова