Терезе арқылы түсетін жарық адам өміріне қауіпті болып шықты

Терезе арқылы түсетін жарық адам өміріне қауіпті болып шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Чикагодағы (АҚШ) Раш университетінің циркадиялық ырғақты зерттеу зертханасының директоры Робин Фойгт-Зуваланың айтуынша, көше жарығынан жарық түсетін бөлмеде ұйықтау деменция қаупін арттырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап. 

Сарапшының сөзінше, оның жұмыс тобы көше шамдарының немесе неон белгілерінің жарығы деменция мен Альцгеймер ауруының дамуына байланысты басқа факторларға қарағанда күштірек екенін көрсететін талдау жүргізді.

Көшеден жарық түсіп тұрған бөлмеде ұйықтау әсіресе 65 жасқа толмаған адамдар үшін қауіпті.

"Бұл ақпаратты білу адамдарға, әсіресе Альцгеймер ауруы қаупі жоғары адамдарға өмір салтын оңай өзгертуге көмектеседі", - деді Фойгт-Зувала.

Деменцияның даму қаупін азайту үшін сарапшы түнде перделерді мықтап жабуға немесе арнайы көз таңғышында ұйықтауға кеңес берді. Ол ішкі жарықтандыру ұйқы кезінде миға әсер етіп, әртүрлі бұзылуларды тудыратынын атап өтті.

Ал көк жарық ең күшті теріс әсерге ие.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә