Астанада бүгін, 20 қаңтарда сағат 15:08-де Ақмола облысы Қараөткел ауылында ер адам құдыққа түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылар шақырту орнына барып, ер адамның тереңдігі шамамен 5 метр болатын құдыққа құлап кеткенін анықтады.
"Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тереңге түсіп, ер адамның арқасына тасымалдау көтергішін бекітіп, бірлескен әрекеттермен құтқару арқанының көмегімен 1986 жылы туған ер адамды құтқарды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!