- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тереңдігі 5 метр"....
"Тереңдігі 5 метр". Астанада құдыққа түсіп кеткен азамат аман шықты
Астанада бүгін, 20 қаңтарда сағат 15:08-де Ақмола облысы Қараөткел ауылында ер адам құдыққа түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылар шақырту орнына барып, ер адамның тереңдігі шамамен 5 метр болатын құдыққа құлап кеткенін анықтады.
"Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тереңге түсіп, ер адамның арқасына тасымалдау көтергішін бекітіп, бірлескен әрекеттермен құтқару арқанының көмегімен 1986 жылы туған ер адамды құтқарды", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан