- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Терідегі қандай белгі...
Терідегі қандай белгі қан ұйып қалғанын білдіреді?
Клиникалық-диагностикалық зертхана дәрігері, хирург Кирилл Ювченко терідегі қандай белгі қан ұйығанын білдіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Қандай қаупі бар?
Маманның сөзінше, ағзаңызда бірнәрсе дұрыс болмаса, қанның сипаты өзгереді. Ол сұйылады немесе қоюланады. Бұл екі жағдай да қауіпті болуы мүмкін.
"Қан тым қою болған кезде, гематокрит (қандағы эритроцит мөлшері) көрсеткішінен асып кеткенін білдіреді. Бұл денедегі су тапшылығын білдіруі мүмкін. Бұл жағдайда қанның тамырлардың бойынан өтуі, ағзаға оттегін тасымалдауы қиын. Қан ұйып қалу қаупі артады", - деп түсіндірді ол.
Белгілері
Сергей Ювченконың айтуынша, терідегі мына өзгерістер қан қоюланғанын білдіруі мүмкін:
- тері қатпарланып, жиналып қалады;
- саусақтың басы мыжылуы мүмкін;
- тері түсі өңсіз болады.
Дәрі-дәрмексіз қанды қалай cұйылтуға болады?
Қанды сұйылту үшін арнайы дәрі-дәрмектер болады, бірақ оларды тек дәрігер тағайындайды. Кардиолог Анна Кореневич басқа әдістер барын айтты.
- көп су ішу, күніне шамамен 1,5 литр (бұл шай мен тамақтан бөлек);
- кофені көп ішпеу, күніне 1-2 кесе ғана;
- ішімдікті шектеу;
- темекіні тастау, тіпті электрон темекіні де;
- мүмкіндігінше тұзды аз тұтыну;
- қарапайым көмірсуларды азайту, қант қанды "сұйық әрі тәтті сиропқа" айналдырады;
- көбірек қозғалуға, таза ауада серуендеуге, спортпен шұғылдануға тырысу;
- күйзеліске түспеу.
Ж. Қадыржанова