- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Терапевт тұмаумен ауырған...
Терапевт тұмаумен ауырған адамның киімін қалай жуу керегін айтты
ЖРВИ-мен ауырған адамның киімдерін жууға ерекше мән беру керек. Себебі вирустар бірнеше сағат, ал кейде бірнеше күн бойы тіршілікке икемді болуы мүмкін. Терапевт Яна Шмелева тұмаумен ауырған науқастың киімдерін қалай дұрыс жуу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі News.ru-ге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, науқастың киімдерін минимум 60 градус температурада жуу керек. Оған қоса, кір жуғыш машинаға залалсыздандыратын құрал қосқан дұрыс.
"Науқастың киімін жуар алдында қақпаңыз, себебі вирус үйдің ішіне тарауы мүмкін. Киімдерді 30 градус температурада емес, ең аз дегенде 60 градус температурада жуу керек. Сондай-ақ залалсыздандыратын құрал жайлы ұмытпаңыз. Мысалы, ағартатын, дақ кетіретін құралдар немесе 9%-дық сірке суын қосуға болады", - дейді Шмелева.
Ал төсек-орынды қайнатқан дұрыс. Егер ол қайнатуға арналмаған матадан тігілген болса, оны ағартатын құрал қосылған суға 15 минутқа салып қойыңыз.
"Киімді, сүлгілерді, төсек жабдықтарын кепкеннен кейін міндетті түрде бумен үтіктеу керек", - дейді дәрігер.
Оқи отырыңыз: Тұмау кезінде не істеуге болмайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова