Дәрігер-терапевт Анна Симбирцева сау адам сүт өнімдерінен бас тартпауы керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Здоровье Mail.ru" сілтеме жасап.
Ересек адамға күніне 2-3 порция сүт өнімдерін тұтынуы қажет, өйткені олар ақуызға, кальцийге, калийге, фосфорға, магнийге, темірге, йодқа және дәрумендерге бай.
Сүт өнімдерінен бас тарту кальций тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін, ол шаш пен тырнақтың нашар күйі, шаршау мен әлсіздік, өнімділіктің нашарлауымен және басқа белгілермен көрінеді.
Анна Симбирцева сүт өнімдеріне деген қажеттілік балаларда, жүкті әйелдерде, 50 жастан кейінгі әйелдерде және 70 жастан кейінгі еркектерде жоғары екенін түсіндірді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі қандай?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз