Терапевт Джэ Чанг ішпен жатып ұйықтамау керегін ескертіп, дереу ұйқы күйін өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі dailymail.co-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, ішпен жатып ұйықтау мойын, бел және жүрекке ауыртпалық түсіреді.
"Екі бетпен, яғни ішпен жатқанда басты бір жаққа қаратып ұйықтау керек болады. Бұл мойынның кернеуі мен күйзелісін тудыруы мүмкін, сонымен қатар арқаға түсетін жүктемені арттырады. Мұндай ұйқы қалыпы жүрек жұмысын нашарлатады", - дейді маман.
Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, шалқасынан немесе бүйірмен бір жаққа қарап ұйықтаған дұрыс. Шалқасынан ұйықтау дене салмағы біркелкі бөлініп, ағза ауыр жүктеме сезбейтіндіктен дұрыс саналады. Ал бүйірмен ұйықтау арқаның ауыруын басуға көмектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар жалаңаш ұйықтаудың денсаулыққа пайдасы мен дене бітіміне әсері туралы айтқан еді.
Сарапшылардың айтуынша, жалаңаш ұйықтау денсаулыққа пайдалы, себебі:
Тағы да оқи отырыңыздар: Матча шайы арықтауға көмектесе ме?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!