Қандай да бір ауруы бар адам ұшақпен ұшуға дайын немесе дайын емес екенін дәрігермен кеңесіп, шешім қабылдауы керек. Қандай аурулар кезінде саяхаттаудан бас тартқан немесе басқа көлік түрін таңдаған жөн? Бұл сұраққа ШЖҚ "Отбасылық медицина орталығының" жалпы тәжірибелік дәрігері Сейтмағұлова Ақбота жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер Сейтмағұлова Ақбота жақында инсульт немесе инфаркт алған адамдарға ұшақпен ұшу ұсынылмайтынын айтты.
"Жақында инсульт және инфаркт алған болсаңыз, бұл ұшақпен ұшуды кейінге қалдыруға себеп. Ең болмағанда бір ай күте тұру керек. Инсульт алғаннан кейін нақты қашан ұшуға болатынын тек емдеуші дәрігеріңіз айта алады", - дейді дәрігер.
Дәрігер сондай-ақ қант диабеті немесе эпилепсия секілді ауыр созылмалы аурулары бар адамдарға ұшу ұсынылмайтынын ескертті.
Жоғары қан қысымы бар адамдар үшін ұшудың қаупі жоғары.
"Ұшуға екі апта қалғанда дәрігердің келісімін алған жөн. Егер ағза дәрі-дәрмекке жақсы әсер берсе, яғни қысым дәрі көмегімен жақсы түссе, онда қауіп деңгейі төмендейді", - дейді дәрігер.
3-5 стадиядағы осы аурулармен ұшу өте қауіпті.
"Тромб түзілуіне бір қалыпта ұзақ уақыт бойы отыру жеткілікті. Сондықтан мұндай адамдарға ұзақ уақыт ұшу, соның ішінде 6 сағаттан көп ұшу және аяқты бірінің үстіне бірін қойып отыру ұсынылмайды", - дейді Сейтмағұлова Ақбота.
Ұшақта босанып қалған әйелдер жайлы естіген боларсыз. Сондықтан басқа жаққа ұшақпен баруды алдын ала жоспарлап, дәрігерден анықтама алу керек.
"33 аптадан асқан кезде ұшақпен ұшпаған жөн. Сондай-ақ 1 жасқа дейінгі баламен ұшаққа отыруға кеңес бермеймін. Баланың қатаймаған ағзасы ұшақта қандай реакция беретіні белгісіз", - деп ескертті дәрігер.
Мысалы, шизофрения, биполярлық бұзылыс секілді психикалық ауытқуы бар адамдарға ұшу үшін дәрігер келісімі керек болуы мүмкін. Аэрофобияның ауыр түрімен қиналатын адамдарға және олар өз эмоцияларын бақылай алмаса, ұшақпен ұшпаған жөн.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!