Қатерлі ісіктің түрлері өте көп және оның дамуы да бір-біріне ұқсамайды. Қатерлі ісік ұзақ уақыт бойы белгі бермей жүретін қауіпті ауру. Сондықтан онкологиялық ауру неғұрлым ерте анықталса, емдеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Ал адамның дені сау кезі мен қатерлі ісік ауруының бірінші сатысы пайда болған кездің арасы қанша уақыт өтуі мүмкін? Бұл сұраққа Naked Science арнасына дәрігер Алексей Водовозов жауап берді.
Қатерлі ісіктер әртүрлі қарқынмен дамиды. Мысалы, ұйқы безінің қатерлі ісігі мен мезотелиома өте тез дамиды. Дәрігерлер кейде адам өлгеннен кейін де бұл ісікті анықтап жатады, ал ісік өмір бойы ешқандай белгі бермейді.
Әрбір төртінші сүт безі қатерлі ісігі, статистикаға сәйкес, ешқандай белгі білдірмейді.
"Ісік дамуының ең қысқа уақыт кезеңін анықтау да қиын, өйткені бұл параметр бірнеше факторға байланысты. Сонымен қатар, адамға бірінші дәрежелі қатерлі ісік диагнозы қойылғанда, ол көбінесе ауру басталғанын емес, қанша өмір сүретініне қызығушылық танытады", - дейді дәрігер.
Өлім-жітім деңгейі жоғары онкологияның ең агрессивті түрі – ұйқы безінің қатерлі ісігі. Одан кейін мезотелиома мен өт қабының қатерлі ісігі. Ал дәрігерлерде бұл патологиялардың әрқайсысы қанша уақытқа созылатыны туралы нақты деректер жоқ.
Водовозов ғалымдардың канцерогенезді әлі де зерттеп жатқанын атап өтеді. Қазір скрининг кезінде қатерлі ісік анықталған адамдарды бақылау нәтижелері туралы деректер бар.
Көп жағдайда ішек ісіктері мен сүт безінің ісіктері табылғанға дейін шамамен 10 жыл бұрын өсе бастайтыны белгілі.
Ал қуық асты безі жағдайында бұдан да ұзақ уақыт кетеді. Дегенмен, бұл деректерді ісіктердің барлық түрлеріне қолдануға болмайды.