Мақпал Исабекова ұлына ерекше есім қойды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"Күйеуім екеуміз отбасылы болғаннан бастап балаларымызға қандай есім қоямыз деп ойланатынбыз. Асқар, Азамат, Олжас секілді есімдер қойғым келмеді. Халықаралық, көп кездесе бермейтін сирек есімдерді іздедік. Осы кезде күйеуімнің фантазиясы мені тағы таңғалдырды, мойындаймын. Ол біздің өмірге келмеген жеті баламызға да есім дайындап қойған екен. Арамызда дау болмас үшін ұл болса есімін күйеуім, қыз болса мен қоямын деп бірден келістік. Себебі, қызым болса қоямын деп армандап жүрген есім бар еді.
Жүктілігімнің үшінші айында ұлды болатынымызды естіп, есім қою бақытынан айырылып қалдым. Бірақ күйеуімнің бірінші баламызға қойған есімінің дыбысына, мағынасына, қысқартылған нұсқасына, сиректігіне ғашық болдым.
Теодор! Құдайдың сыйы! Тео! Тедди!Ол бізге Құдайдың берген сыйы! Біздің құтты баламыз! Әлхамдулиллаһ", - деп жазды әнші.
Теодор есімі латын тілінен шыққан. Қазақ тіліне аударғандағы мағынасы "Құдайдың сыйы", "Құдайдың хабаршысы". Бұл Федор есімінің шетелдік аналогы.
Еске салайық, бұған дейін Мақпал Исабекова қырыққа таяған шағында ұлды болғанын жазғанбыз.
Қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды. Бұл жаңалықты оқыған желі қолданушылары әншіні құттықтап, тілектерін айтты.