"Теңізшевройл" (ТШО) нысандарының бірінде өндірістік ақау шықты. Қазір ТШО-да жағдай қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компанияның өзі оқиғаның егжей-тегжейін ашпаған.
"ТШО-ның басымдығы - қауіпсіз әрі сенімді өндірістік қызметті қамтамасыз ету. Бұдан бөлек, ТШО өндірістік қызметі мен коммерциялық мәселелерге түсініктеме бермейді", - деп жазылған хабарламада.
"Теңізшевройл" (ТШО) ЖШС - Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарын игерумен айналысатын мұнай-газ кәсіпорны, Қазақстандағы ең ірі мұнай өндірушілердің бірі. Компания өндіретін мұнайдың басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы экспортталады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз