- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Теңізге түскен тамшыдай...
"Теңізге түскен тамшыдай үлес қоссам". Өнер адамдары су тасқынынан зардап шеккендерге он жылжымалы үй сыйламақ
Гүлзира Айдарбекова, Роза Әлқожа, Өктем Алтаев, Ерғали Әбдірайымов, Мирас пен Құралай секілді өнер адамдары Батыс пен Солтүстік Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа 10 жылжымалы үй сыйламақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Қайырлы кеш!
Батыс пен Солтүстік өңірдегі су тасқыны көпті алаңдатуда.
"Теңізге түскен тамшыдай" үлес қоссам деген арман әр қазақта бар екені сөзсіз.
Жиналған қаржыдан 22 миллион теңге бөлінген қаражат осы жылжымалы үйге жұмсалсын деп өнер адамдары бір ауыздан мақұлдаған болатын.
@qazdamu_almaty тез арада үн қатып, іске кіріскен табандылық пен жауапты қызметтеріңізге рахмет!Өнер адамдарының атынан 10 жылжымалы үй дайын болып қалды", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға қоймадағы азық-түлік бірдей бөлінбегенін айтқан болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Аллергияның психосоматикалық себебі қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә