- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теңіздегі төтенше жағдай:...
Теңіздегі төтенше жағдай: қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетіледі
6 шілдеде "Теңізшевройл" ЖШС-де төтенше жағдай кезінде қаза тапқан екі қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Айта кетейік, оқиға салдарынан екі қызметкер қаза тапқан еді. Бірі оқиға орнында, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Тағы үш қызметкер зардап шекті. Жергілікті полиция департаменті тергеу бастады.
Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Серік Шәпкенов төтенше жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өткізген.
С. Сатыбалдина"Серік Шәпкенов қызметкерлердің отбасына қайғыра көңіл айтып, қажет материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Одан бөлек, өңір басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына зардап шеккен қызметкерлерге қажет медициналық көмек көрсетуді тапсырды", - делінген хабарламада.