Теңізде мұнай өндірісі азайды. Мұның себебін Энергетика министрлігі түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрліктің хабарлауынша, мұнай өндіру 28-30 пайызға, яғни тәулігіне 60-63 мың тоннаға дейін төмендеген.
"Екінші буын зауытындағы өндіріс 400 блогының Е-401А утилизатор-жылу қазандығына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жартылай тоқтатылды. Тексеру барысында коррозиялық зақымданулар анықталды", - делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары 23 қарашаға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!