- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теңіз түбінде 60...
Теңіз түбінде 60 сағат жатқан ер адам қалай аман қалғанын айтты
Теңіз түбінде 60 сағат жатқан нигериялық аспаз Харрисон Окене қалай аман қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
MenToday басылымының мәліметінше, нигериялық аспаз Харрисон Окене отырған буксирлі катер қолайсыз ауа райы кезінде апатқа ұшыраған.
Қатты толқын катерді төңкеріп жіберген. Бұл уақытта Харрисон дәретханада отырған. Апатты сезе сала ол каюталар ортасымен жүгіріп, офицерлер әжетханасына кіріп кеткен. Бұл шеші оның өмірін сақтап қалған.
Кеме 30 метр тұңғиыққа батқан, алайда әжетханада ауа кеңістігі сақталған. Аспаз суда тұрғанымен демала алған, ал қасында тек кола шөлмегі мен бірнеше шамы болған. Ол өз бетінше су бетіне малтып шыға алмаған.
Харрисон өміріндегі ең ұзақ 60 сағат уақытын өткізген. Түнекте жалғыздықта жынданып кетуден қолындағы шамдар ғана көмектескен.
Үшінші күні ол бір дыбыстар ести бастаған. Бастапқыда ол кеме ішінде акулалар жүзіп жүр деп ойлаған, бірақ бұл теңізшілер денесін алып шығуға келген аквалангистер еді. Өзінің тірі екені жайлы белгі берген аспазды көргенде аквалангистер қатты таңғалған. Құтқарушылар Харрисонды бірден су бетіне шығарған.
Адам қамалып қалғанда оттегі жетпегендіктен емес, көмірқышқыл газының шамадан артық болуынан көз жұмады. Авкалангистер бірнеше сағат кеш келгенде аспаз да ажалдан аман қалмас еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл оқиғадан бері бірнеше жыл өткен. Содан бері аспаз мамандығын ауыстырып, аквалангист болған. Ол теңізді сүйетіні сонша, ешқандай қауіпке қарамастан мамандығын ауыстырмайтынын айтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек