Теңіз терминалындағы үшінші айлақ толық жұмыс істей бастады

Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалында жөндеу жұмыстары толық аяқталып, үшінші айлақ құрылғысын жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"21 қаңтарда айлақ құрылғысының жүк жүйесіне гидросынақ жүргізілді, одан кейін суасты мұнай құбырында сүңгуірлер соңғы манифольдті ашты, 25 қаңтарда мұнайды ауыстырып тиеу үшін танкерді қою жүзеге асырылды", – делінген таратылған хабарламада.

Екінші айлақ құрылғысына жасалған шабуыл салдарынан құрылғы зақымданып, жұмысы тоқтағаннан кейін жөндеу жұмыстарының мерзімі мен көлемі оңтайландырылған.

Консорциумның мәлімдеуінше, мұнай жөнелтушілердің жылдық жоспардағы көлемдерін толық орындау үшін кемінде екі құрылғы қатар жұмыс істеуі керек.

Үшінші айлақ құрылғысын жөндеу жұмысы оңай болмаған: ауа райы мен теңіз жағдайы күрделі болып, су астындағы ағыс жиі өзгергендіктен, сүңгуірлер жұмысы бірнеше рет тоқтатылған.

Қазір теңіз терминалынан мұнай тиеу қалыпты режимде жүріп жатыр: мұнай бірінші және үшінші айлақ құрылғылары арқылы жөнелтіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!