8 ақпанда түстен кейін Теңіз мұнай кен орнында жазатайым оқиға болды. Салдарынан 1 адам қаза тапты, - деп хабарлайды azh.kz.
Басылым мәліметінше, "вакуум" машинасының цистернасы жарылған. Ал бұл WEST DALA компаниясына тиесілі. Оқиға салдарынан 37 жастағы қызметкер қаза болды, ал 30 жастағы адам жарақат алған.
Атырау облысы Полиция департаменті мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!