Бүгін таңертең Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Сағат 09:55 шамасында Үшінші буын зауытында 52-учаскеде өрт шықты.
Оқиға газтурбиналық генераторларының арасындағы трансформатор маңында болған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Барлық қызметкерлер эвакуацияланды.
Ақпарат берілген сәтте өрт оқшауланды. Үшінші буын зауыты рециркуляция режиміне ауыстырылды. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz