Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды

Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды. Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"ТШО өндірістік қызметінің егжей-тегжейіне түсініктеме бермейді", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілі.

Tengrinews.kz-ке қондырғылардың бірінде өрт шыққаны белгілі болды. Бұл оқиға 11 наурызда кешке тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысындағы Теңіз, Королев кен орындарында мұнай өндіру тоқтатылды. Кейінірек Энергетика министрлігі "Теңізшевройл" ЖШС нысандарындағы жағдайға пікір білдірді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!