- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теңіз кен орнында...
Теңіз кен орнында 33 жұмысшы уланып, ауруханаға түсті
Атырау облысы Теңіз кен орнында 33 адам уланды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Басылым мәліметінше, жұмысшылар Теңіз кен орнындағы "КазПромСтройИнжиниринг" ЖШС-ның асханасында түскі үзіліс кезінде уланған. Артынша, денсаулығы нашарлап, медициналық көмекке жүгінген.
Олардың үштен бірі "Теңізшевройл" ЖШС емханасына жатқызылды. Қалған жұмысшылар алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қайтарылған. Оларға "орта дәрежедегі диарея" деген диагноз қойылған.
Г. Досымшалова