Теңіз жағасындағы үй 6,5 миллион теңгеге сатылып жатыр

Жапонияда теңіз жағасындағы шағын үй бар болғаны 6,5 миллион теңгеге сатылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі TrendWatching Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Telegram-арнаның мәліметінше, осы ақшаға сатып алушы екі қабатты, теңізге панорамалық көрініс ашылатын үйге ие болады. Сонымен қатар, қайық қоятын гараж, түрлі зат сақтайтын орын және өзінің шағын айлағы бар.

instagram.com/housesofjapan

Үй Окиносима өңірінде орналасқан. Бұл - Жапонияның батысындағы Симанэ префектурасына қарайтын, Жапон теңізіндегі шалғай арал. Ол Оки аралдары архипелагына кіреді және ерекше табиғатымен, ежелгі тарихымен, дәстүрлі тұрмыс-салтымен танымал.

Ал Men Today басылымы Жапонияда үйдің арзандауы бұрыннан бар құбылыс екенін жазды. Мұндай төмен баға туу көрсеткішінің азаюы мен халықтың қартаюына байланысты. Көп жағдайда үй иелері қайтыс болғаннан кейін баспаналар бос қалып, сондықтан оларды арзан бағаға сатылып жатыр.

Бұған дейін Грекияда Эгей теңізіндегі көрікті Антикифера аралына көшіп барғандарға 11,2 миллион теңгеге дейін төлеуге дайын екені хабарланған еді.

Сондай-ақ, Италия билігі Милан мен Швейцарияға жақын орналасқан Варезе өңіріне қоныс аударған жас мамандарға 6000 еуроға дейін (шамамен 3,5 миллион теңге) төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!