Семей қаласындағы мектептің біріне 1-сыныпқа барған оқушының қылығы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал болған видеода 1-сынып оқушысы қолын қалтасына салып, сенімді жүріп келіп, білім күніне арналған бағдарламаға назар аудармай, мектеп алаңының қақ ортасында отырады.
Баланың харизмасы мен өзіне деген сенімділігі әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Пікір білдірушілер бірінші сынып оқушысына мұндай мінезімен оқу оңай болатынын жазып жатыр.
"Бұл балаға осы видеосын 11 жылдан көрсетсе, қызық болар еді" деп жазып жатқандар да бар.
Баланың бұл әрекетін тентектікке балап, мектеп тәртібіне бағыну керегін алға тартқандар да бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!