Теннисші Зарина Диас Түркиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Теннисші Зарина Диас Түркиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Фото: AFP 2024 / Kazuhiro Nogi

Зарина Диас екі жылдық үзілістен кейін алғашқы титулына қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1bol.kz ұзақ үзілістен кейін кортқа қайта оралған қазақстандық теннисші Зарина Диастың Түркиядағы турнирде топ жарғанын жазды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 224-ракеткасы, турнирдің 3-ракеткасы, Беларусь спортшысы Алена Фалеймен ойнады. Қазақстандық спортшы алғашқы кезеңде "баранка" алып, 0:6 есебімен жеңіліп келе жатқан еді. Бірақ камбэк жасап, келесі екі сетте қарсыласын жеңіп кетті. Ойын жалпы 2 сағат 6 минутқа созылды.

Еске салайық, бұған дейін Кайсері турнирінде Зарина Диас румындық Патрисия Мария Цигті, неміс Пиа Префкені, түрік теннисшісі Дениз Дилекті және ресейлік Екатерина Маклакованы ұтқан болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева