- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теңгенің долларға қатысты...
Теңгенің долларға қатысты бағамы айтарлықтай нығайды
Фото:
vlast.kz
KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 337,17-ге тең болды. Осылайша ұлттық валюта 8 сәуірдегі соңғы саудаға қарағанда 3 теңгеге нығайып отыр.
11 сәуірдегі таңғы сессияның алғашқы саудасы 338 теңгемен өтті. Сессияда төменгі баға 336,70 теңге болса, жоғарысы 338,001 теңгеге жетті. Сауда көлемі 87 150 мың доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, валюта айырбастау орындары долларды 335-338,5 теңге аралығында саудалап жатыр.
С. Ерсін