KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 340,81-ге тең. Кеше соңғы сессия 340,01 теңге көрсеткішімен қорытындыланған болатын.
29 наурыздағы таңғы сессия 339,75 теңге келісімімен басталды. Сессия барысында ең төменгі баға 338,45 теңге болса, жоғарысы 342,7 теңгеге жетті. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттері шетел валютасын 337-342 теңге аралығында саудалап жатыр.
Intercontinental Exchange порталындағы мәліметтерге сүйенсек, Астана уақытымен сағат 10.52-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың баррель құны 39,98 долларға тең.
Дереккөз:Tengrinews.kz