KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 343,71-ге тең болды. Сессия кезінде биржа сайтында ақаулар болды.
30 наурыздағы таңғы сессияның бірінші келісімі 344,48 теңгемен өтті. Сессияда төменгі сауда 342 теңгемен, жоғарысы 345,1 теңгемен жасалды. Сауда көлемі болса 42,9 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, валюта айырбастау пункттері шетел валютасын 340-344 теңге аралығында саудалап жатыр.
Intercontinental Exchange порталындағы мәліметтерге сүйенсек, Астана уақыты бойынша сағат 11.12-де Brent маркалы мұнайдың баррель құны 39,37 долларға тең болды.
Дереккөз:Tengrinews.kz