- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теңгенің долларға қатысты...
Теңгенің долларға қатысты бағамы 343,02-ге тең
Фото:
azh.kz
KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 343,02-ге тең болды.
Таңғы сессияда алғашқы сауда 343,5 теңгемен басталды. Ең жоғарғы баға да осы болып қалды, ал төменгі келісім 342,93 теңгемен жасалды. Сессия кезінде сауда көлемі 108,35 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттері шетел валютасын 342-343,5 теңге аралығында саудалап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар ұлттық валюта бағамының осы апта бойы 340-352 теңге аралығында сақталатынын айтқан.
Дереккөз: Тengrinews
С. Ерсін